00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматыда алапат өрттен 13 адам қаза тапты

30.11.2023 | 02:57
58
Фото: дереккөз

Алматыда бүгін сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртеніп, соның салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен  жертөле үй-жайы   хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды.

«Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында 13 адам қаза тапты, олардың жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған. Өрт шыққан кезде хостелде 72 адам болған. 59 адам өртеніп жатқан ғимараттан өздері шықты», - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда.

Барлық жаңалықтар