00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

11.03.2024 | 09:49
55
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты алдағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 

12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.   

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.  

Барлық жаңалықтар