00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алдағы күндерде боран соғуы мүмкін

21.11.2023 | 02:30
51
Фото: Сұлтан Сейіт

Синоптиктер алдағы үш күн, яғни 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Каспий теңізі циклоны жүреді. Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 22 қарашада батыс аймақтар мен солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. Синоптиктер республика бойынша 15-28 м/с-ке дейін жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болуы ықтимал. Қазақстанның батысында ауа температурасы -2...-12 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Ал республиканың шығысында түнде ауа температурасы -8...-13 градустан 0...-5 градусқа дейін өзгеруі мүмкін. Мамандар Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс жоғын болжады. 

Барлық жаңалықтар