00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қайнар Олжай журналистерге шеберлік сабағын өткізіп жатыр

22.06.2023 | 11:00
51
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін танымал журналист, публицист Қайнар Олжай «Elorda Aqparat» медиахолдингінде журналистерге арнап шеберлік сабағын өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Семинар 2.jpg

Сабақтың тақырыбы – «Жазу және редакциялау технологиясы».  

Семинар барысында спикер мақаланың құрылымына назар аудару, түрлі жанрларды айыра білу, типтік қателер туралы айтып, өзінің тәжірибесін ортаға салды.  Сондай-ақ журналистерге тұрақты сөз тіркестерін қолдануда мұқият болу керектігін ескертті.   

Жазу дегеніміз – өнер. Жазу – кәсіп. Жазудың көптеген тәсілі бар. Жазудан бөлек, редакциялау бар. Қазіргі кезде көбі редакциялауды білмейді. Бүгінгі сабағымыз екі бөлімнен тұрады. Оның біріншісінде мақаланы жазу құрылымына, екінші бөлімде редакциялау жолдарына арналады. Бастысы, кез келген журналист үнемі жазып жүруі керек, - деді Қайнар Олжай. 

Семинар 6.jpg

Сондай-ақ қаламгер журналистерге бос уақытында Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет теориясы», Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Темірғали Нұртазиннің «Сөз құдіреті» және Мұхтар Мағауиннің «Мен» екінші кітабын оқуға кеңес берді. 

Барлық жаңалықтар