00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Адам өлтіргені үшін 15 жыл іздеуде болған азамат ұсталды

26.02.2024 | 06:31
69
фото: polisia.kz

2009 жылы Павлодар облыстық полициясына хабарласқан ер адам достарымен қыдыруға кеткен әйелінің үйге оралмағанын айтқан. Дереу арада жоғалған әйелді іздеу шаралары басталып,  Қазақстанның өңірлері мен көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарына хабарлама жіберілген. 

Бір жылдан кейін әйелдің мәйіті көлден табылған. Геномдық сараптама нәтижесінде оның жеке тұлғасы анықталып, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі шаралар өткізілгенімен қылмыс ашылмай келген. 

Биыл жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Полицейлер күдікті әйелмен жанжалдасып, оны тұншықтырып өлтіргенін, кейін денесін суға тастағанын анықтады. 

Күдікті бұған дейін де аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстадық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров. 

Барлық жаңалықтар