00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Абай облысында екі шопан құтқарылды

01.04.2024 | 08:50
Елорда ақпарат
48
Абай облысында екі шопан құтқарылды
Фото: видеодан скрин

Абай облысының Көкпекті ауданында екі шопан Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.

Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен табылды. Оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Барлық жаңалықтар