Elorda.info

Бүгін ауа райы қандай болады

Алдағы күндерде ауа райы қазақстандықтарды көктемгі жылуымен қуантады

Бүгін ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктер болжамынша, алдағы күндерде ауа райы қазақстандықтарды көктемгі жылуымен қуантады.

Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін, таулы аймақтарда тұман болады, - делінген хабарламада.

Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды.

Республика бойынша термометрлер бағаны:

батыста күндізгі уақытта 12-26°С жылы;

солтүстік-батыста 5-20°С жылы;

солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15°С жылы;

оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25°С жылы;

таулы аймақтарда 8-13°С жылы болады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі