00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы мен Баку арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

01.04.2023 | 00:36
Елорда ақпарат
39

«Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері. Ал 16 наурызда «Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашты.

Алматы – Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады, - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Барлық жаңалықтар