00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандық компанияларға 3 200 кибершабуыл жасалды

01.04.2023 | 00:15
Елорда ақпарат
13

Жыл басынан бері қазақстандық компанияларға 3 200-ге жуық кибершабуыл жасалды. Ұлттық Компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығы осындай ақпарат таратты, деп хабарлады Elorda.info

Хабар24 жазуынша, шабуылдардың салдарынан желіге азаматтардың жеке мәліметтері кетіп жатыр.

Киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың айтуынша, қылмыскерлер жұртты алдап, қаражатын тартып алудың түрлі тәсілін ойлап тауып жатыр. Сол себепті телефон арқылы жеке мәліметтер жайында сұрақтарға жауап бермеу қажеттілігін ескертеді.

Алаяқтар желіге кетіп қалатын ақпаратты қолдана алады. Олардың қолдарына қазақстандықтардың аты-жөндері, банк карталарының нөмірлері түседі. Кейін алаяқтар азаматтарға хабарласып, өзін қандай да бір банк немесе басқа да ұйымның өкілі ретінде таныстырады. Жұрт оларға сеніп қалып, өзінің жеке мәліметтерін айтып қояды, - деді Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сатиев.

Біз күнделікті қолданатын ұялы телефондар тек байланыс құралы ғана емес. Құрылғыда оның иесі жайлы жеке мәлімет көп. Сол себепті мамандар телефонға қандай да бір қосымша орнатпас бұрын, оның қауіпсіздігін тексеріп алуға кеңес береді. 2 сатылы тіркеуден өткен жөн. Қоғамдық орындардағы вай-фай желісін қолданғанда міндетті түрде ВИПИЭН қосып алу қажет. Қызметтің бұл түрі ұялы телефоннан жеке мәліметтерді ұрлауға тосқауыл қояды.

Қоғамдық вай фай арқылы телефоныңыздан жаңалықтар оқуға болады. Әлеуметтік желілерге де кіруге рұқсат. Бірақ алдымен Випиэн сервисін қосып алыңыз. Басқа операцияларды орындау үшін қоғамдық интернетті қолданбаңыз. Әсіресе, ол ашық, яғни ешбір құпиясөзсіз кіретін желі болса, онда мұқият болған абзал. Мәселен, Егов сынды порталдарға, жеке кабинетке кірмеңіздер. Кибералаяақтар міндетті түрде сіздің жеке мәліметтеріңізді ұрлауға тырысады, - деді киберқауіпсіздік саласының маманы Евгений Питолин.

Интернет банкинг қызметін қолданғанда да сақ болған жөн. Мәселен, қазір түрлі байқауға қатысамын деп, белгісіз сайттарға өзінің есепшоты жайлы ақпаратты еш ойланбастан енгізетін тұтынушылар аз емес. Кейін мұндай әрекеттер сол шоттағы ақшаның жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Барлық жаңалықтар