00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Фермерлерге жасыл технология бойынша тренингтер өтеді

01.04.2023 | 00:07
Елорда ақпарат
47

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жапония үкіметінің қаржылай қолдауымен шағын және орта кәсіпорындар үшін жаңартылатын энергия көздерін енгізу және дамыту бойынша Қазақстан фермерлеріне арналған тренингтер сериясын бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарлауынша, тренингте сарапшылар ЖЭК пен ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және дамыту бойынша халықаралық тәжірибелерді бөліседі. Қазақстанның тәжірибесі, сондай-ақ АӨК шағын және орта кәсіпорындарының төмен көміртекті дамуға көшу мүмкіндіктері туралы әңгімелейді. Бұдан бөлек кәсіпкерлерге Қазақстан нарығында қолжетімді ЖЭК және ылғал үнемдейтін технологиялар бойынша жабдықтар ұсынылады.

Тренинг «Климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне төзімді дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды пайдалану» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Еске салайық, БҰҰДБ 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарлама аясында климаттың өзгеруіне қарсы күрес, энергия тиімділігін арттыру және энергияның таза түрлерін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар таза технологияларды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге және кеңейтуге, көміртегіні аз мөлшерде шығаратын бизнесті дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, шағын фермерлік шаруашылықтарда жаңартылатын энергия көздері мен ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу жобасын Жапонияның қаржылай қолдауымен ҚР Үкіметі, БҰҰ Даму бағдарламасы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске асырып жатыр.

Барлық жаңалықтар