00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

3 облыста күрделі жағдай сақталып тұр – ТЖМ

02.04.2024 | 21:00
81
3 облыста күрделі жағдай сақталып тұр – ТЖМ
Фото: ТЖМ

Өңірлерде су тасқыны салдарын жою, су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Су басу аймағында 6 облыс қалуда: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Атырау облыстары, - деп жазылған хабарламада.

1 сәуірде еріген қар суының келуіне байланысты Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай бөгетінің толып кету және Айке ауылының су басу қаупі туындады.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ, ҰҚК және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында құтқару операциялары белсенді жүргізілуде. Әуе кемелерімен 1 757 адам, оның ішінде 435 бала эвакуацияланды, 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Су шайған 59 автожол, оның ішінде 4 көпір және 55 жол төсемі, су шайған 93 автожол бақылауда.

Барлық жаңалықтар