00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл 55 елді мекенге газ тартылады – министр

31.03.2023 | 23:15
Сабина Кәкімжан
21

Биыл тағы 55 елді мекенге газ тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Газдандырудың бас схемасын қаржыландыру бюджет қаражаты, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор – Қазақгаздың кірістері және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ұлғаюы газбен жабдықтау деңгейін 11%-ға немесе 2018 жылдан бастап қосымша 2,6 млн адамға газға қол жеткізуге мүмкіндік берді, - деді Болат Ақшолақов.

Министр жыл соңында ел бойынша газбен қамту 60% деңгейде болады деп күтілетінін айтты.

76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған, бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Барлық жаңалықтар