Elorda.info

Жеңілдетілген автонесие: Өтініш беру бір минутқа жетпей тоқтап қалды

Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын

Жеңілдетілген автонесие: Өтініш беру бір минутқа жетпей тоқтап қалды

Жеңілдетілген автонесиеге autonesie.kz сайты арқылы өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады

Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында өтініштер қабылдана бастады. Алайда бағдарламаға қатысушылардың көптігінен өтініш беру жарты сағатқа жетпей жатып тоқтатылды.

Платформада өтініш қалдыратын батырманы басқанда былай деп шығады:

Өтінім қабылданбады. Автокөлік өндірушісіне қаржыландырудың еркін лимитінің болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінім қабылдаудың іске қосылуын күтіңіз, - делінген.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі