Отандық жеңіл өнеркәсіп 7 пайызға өсті
![](/img/articles/uploads/63b4f44e85915412096078_113791e00f.jpg)
2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2021 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 101,4%-ға жетті, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдым даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл өсім өңдеу (4,2%), металлургия (3,9%), машина жасау (8,9%) жеңіл өнеркәсіп (6,9%), сондай-ақ түсті металл кендерін өндіру саласындағы (5,9%) өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен байқалып отыр. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіш 0,9%-ға төмендеген.
Былтыр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіптегі цифрлы технологияларды енгізуге байланысты ынталандырудың тың тетіктерін енгізіп, бұл өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізуі тиіс, - деп жазылған хабарламада.
Өнеркәсіпке мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес шығындарды өтеу Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге және автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге немесе қолданысқа енгізуге (оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға) беріледі. Қазір 6 өнеркәсіптік кәсіпорын IT-шешімдерге жұмсалған шығындардың орнын толтыра алды.
Сонымен қатар министрлік сатып алынатын жабдық құнының 50% (750 млн теңгеден аспайтын) мөлшеріне дейін технологиялық жабдықты жаңғыртуға арналған өнеркәсіптік грантты ұсыну арқылы өндіріс орындарын қолдауды жалғастырып келеді. 2023 жылы республикалық бюджеттен аталған грантты ұсынуға 1,6 млрд теңге қарастырылған.
Бұған қоса ҚР ИИДМ өнеркәсіпті қолдаудың қосымша шаралары ретінде 2023 жылда бірқатар іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде АММ-2023 (Халықаралық тау-кен металлургия конгресі) форумы мен шетелдік делегаттардың қатысуымен Қазақстанның машина жасаушыларының XI форумын өткізу бар.
Astana Mining & Metallurgy – тау-кен индустриясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі саналады. Оның диалог алаңында B2B және G2B форматында жер қойнауын игерумен айналысатын ірі компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдері кездесіп, салалық көрме, нетворкинг және «Алтын Гефест» салалық байқауы өткізіледі. Жыл сайын ұйымдастырылатын Astana Mining & Metallurgy конгресі салааралық инвестициялық байланысты кеңейтуге, жаңа келісімшарттар жасауға және заманауи сын-қатерлерге бірлескен шешімдерді әзірлеуге әсерін тигізді.
Ал Қазақстан машина жасаушылар форумының маңыздылығы сол, мұнда автокөлік өндірісінен бөлек, сонымен қатар еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы қалыптастырылып, салалық кәсіпорындарды арзан бағадағы шикізатпен қамтамасыз етудің және жергілікті қамтуды дамытудың жаңа тетіктері қарастырылып келеді.
Бұдан басқа биыл қазақстандық кәсіпорындардың еліміздің аумағы мен Ресей Федерациясы және Өзбекстанда өткізілетін «ИННОПРОМ» көрмесі аясындағы түрлі ауқымды іс-шараларға қатысуы жоспарланған.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)