00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Министр су тасқыны кезеңіне дайындықты бастауды тапсырды

31.03.2023 | 21:20
Елорда ақпарат
36

Юрий Ильиннің төрағалығымен өңірлердің және уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілген төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның шеңберінде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Қысқы кезең аяқталғаннан кейін су тасқыны маусымы басталады, осыған байланысты қазірдің өзінде өңірлерді дайындау бойынша тиімді шаралар қабылдау қажет, - деді министр.

Өткен су тасқыны кезеңін талдау нәтижелері бойынша елді мекендердің су басудан қорғалуын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді. 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасының орындалуына тексеру жүргізілді.

Уәкілетті органдар мен әкімдіктердің жоспарланған іс-шараларды іске асыруын қамтамасыз ету елдің 250-ге жуық су тасқыны қаупі бар елді мекендерін су басудан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Министр сондай-ақ елді мекендерді инженерлік қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Жалпы, бүгінгі таңда республикада мыңнан астам су тасқыны қаупі бар елді мекендер бар, олардың 470-інде қауіп барынша азайтылды.

Айта кету керек, климаттық өзгерістерді, қорғаныш құрылыстары мен белсенді стихиялық құрылыстардың жай-күйін ескере отырып, су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелердің саны жыл сайын түзетіліп отырады.

2021 жылы ТЖМ, мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралармен 2022 жылғы су тасқыны кезінде 45 су тасқыны қаупі бар елді мекенді қорғауға мүмкіндік берді.

Барлық жаңалықтар