00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордалық ұландықтар смартфон тапты

31.03.2023 | 21:20
Елорда ақпарат
32

Елордалық ұландықтар смартфон тапты, деп хабарлады Elorda.info.

22 желтоқсан күні сағат 17.15 шамасында «Алматы» ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жоғалған «Iphone 13» телефонын тауып, иесіне қайтарды, - деп жазылған Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Патрульдік топтың бастығы кіші сержант Зархан Сапаркул патрульдік қатардағы жауынгер Еламан Жағыпаровпен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде қардан қара түсті «Iphone 13»  маркалы телефонды тауып, иесін іздей бастады.

Смартфонды тапқаннан кейін телефонға иесінің өзі қоңырау шалды. Әңгіме барысында галереяны ашып, смартфонның сол азаматқа тиесілі екеніне көз жеткіздік, - деді кіші сержант Дархан Сапарқұл.

Оқиға орнына келген ер адам ұландықтарға және бөлім басшылығына қырағы қызмет атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Барлық жаңалықтар