00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Тикток қауіпті ме

31.03.2023 | 21:13
Елорда ақпарат
31

Жасөспірімдер әлеуметтік желідегі түрлі мазмұндағы видеоларды көру арқылы өзінің құндылықтарын, сенімдерін түзе бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, бұл тұрғыда Тикток-та таралатын дипфейк немесе жалған ақпарат жастар психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Ал есейгенде жаман әдеттен арылу қиынға түседі. АҚШ-тың Индиана Университетінде ақпараттық сауаттылықтан сабақ беретін Николас Касас осылай дейді. Жалған ақпараттың желдей таралуын тежеу мүмкін емес. Сондықтан ақыл-ойы қалыптасып келе жатқан жастарға осы бастан «дипфейкті» тереңірек ұғындырып, арнайы білім беру қажет.  Оның айтуынша, ақпараттық сауаттылық жөніндегі дәрісте көп студент «дипфейк» терминін әлі де түсінбейді.

Әр видеоны көруге өте аз концентрация қажет, бірақ тым көп қаралымнан тез тарайды. Ол үшін, контент есте қаларлықтай тіпті шектен шыққан әсер беруі керек. Әйтпесе адамдар келесі видеоға дереу өтеді. Сондықтан жастардың осы бағытта сауаттылығын арттыру керек. Контент жасаушыларға талаптар қою арқылы жалған ақпаратқа байланысты мәселені шеше аламыз. Контент жүктеушілер өздерінің әзілқой немесе «дипфейк» аккаунт екенін нақты бір таңбалар арқылы белгілеуі қажет, - деді Индиана Университеті оқыту және меңгеру жөніндегі кітапхана қызметкері Николас Касас.

Қазір АҚШ Конгрессі Тиктокқа тыйым салу жөніндегі Заң жобасын қарастырып жатыр. Ал Барлау қызметінің басшысы қытайлық әлеуметтік желі өзін пайдаланушылар туралы мәліметтерді таратуы мүмкін екенін айтып, америкалықтарды сақ болуға шақырды. Енді Федералды агенттік, Ақ үй, Қорғаныс күштері және барлық мемлекеттік мекемедегі құрылғыда Тиктокты қолдануға болмайды.

Барлық жаңалықтар