00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Youtube ар-намысқа тиіп, пікір жазатындарды жазалайды

31.03.2023 | 21:06
Елорда ақпарат
30

Google компаниясы ар-намысқа тиетін хабарлама авторларын жазалау үшін YouTube-тегі пікір қалдыру ережелерін жаңартты. Бұл ретте компания ескертуші және бұғаттаушы жүйені жасап шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Gizmodo басылымының мәліметінше, егер пайдаланушының хабарламасы видеохостинг қауымдастығының принциптеріне сәйкес келмесе, YouTube алдымен ескерту жасайды. Содан кейін осы пікірдің авторын 24 сағатқа бұғаттайды. Бұл жүйе тек ағылшын тілінде қалдырылған пікірлерге қатысты алғаш рет қолданылып отыр.

Біз баршаны пікірлері арқылы қауымдастыққа теріс ықпал етуге тырысатын пайдаланушылардан қорғағымыз келеді, - деп жазылған YouTube мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хостинг арбитраж жүйесін енгізеді, оның көмегімен бұғатталған авторлар модераторлардың шешіміне қарсы дау айта алады.

Барлық жаңалықтар