00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Әкімдіктен ұсыныс түсті»: Павлодарда инеліктің мүсіні орнатылды

31.03.2023 | 20:28
Елорда ақпарат
35

Павлодардағы Гагарин саябағына инеліктің ескерткіші орнатылды, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мүсінші Марат Абылқасымовтың айтуынша, бұл мүсінді жасауға бір ай уақыт кеткен. Инсталляция толығымен металдан, тұғыры тастан, қанаты түрлі-түсті органикалық шыныдан жасалған. 

Әкімдік тарапынан бұл мүсінді инелік түрінде жасау туралы ұсыныс түсті. Гагарин саябағын көріктендірумен айналысатын мердігер тендерді ұтып алып, осындай мүсін орнатуға шақырды. Әдетте инеліктер пайда  болған кезде адамдар қуана бастайды. Себебі жәндіктердің бұл түрі шыбын-шіркейлерді жояды. Инелік – қансорғыштармен күресудің символы, - дейді Марат Абылқасымов.

 

Барлық жаңалықтар