00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстаннан Ресейге жеткізілген қызанақтан вирус анықталған

31.03.2023 | 20:17
Елорда ақпарат
36

Қазақстанда өсірілген қызанақтан Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) жоқ вирус анықталған, деп хабарлады Elorda.info Россельхознадзорға сілтеме жасап.

11 қарашада Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы «Сагарчин» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресей аумағына Қазақстаннан жоғары фитосанитариялық қауіпті өнімді әкелу әрекетін тоқтатты. Жаңа піскен қызанақтың екі партиясына (31 тонна) карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында жоқ карантиндік зиянды организм – қызанақ жемістерінің қоңыр әжімді вирусы (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) анықталды, - делінген хабарламада.

Қауіпті вирустың барын Россельхознадзордың «Орынбор референттік орталығы» ФМБ мамандары жүргізген зертханалық сараптама растаған.

Ресей Федерациясының карантиндік заңнамасының талаптарына сәйкес қызанақтың екі партиясын елге кіргізуге тыйым салынды. Кінәлі адамдар Ресей Федерациясының ӘҚБтК-нің 10.2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар