Ерте заманда Павлодарда керіктер мен үш тұяқты жылқы өмір сүрген (ФОТО)
![](/img/articles/uploads/6369d5373abc9035540730_edafdd5654.jpg)
Мұндай жануарлардың сүйегі Павлодар қаласындағы «Қаз қонақ» табиғи ескерткіш орнынан табылған, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында «Қаз қонақ» орнынан табылған жәдігерлер сақтаулы. Музейдің экскурсия бөлімінің жетекшісі Надежда Майба аталған орыннан табылған ерекше экспонаттар туралы айтып берді.
1928 жылы палеонтолог Юрий Орлов қаламыздағы Ертістің оң жағалауында ежелгі заманғы, осыдан 5-7 миллион жыл бұрын өмір сүрген жануарлардың сүйегін анықтаған. Ол жерде көптеген қазба жұмыстары жүргізілді. Барлығы екі вагон жануарлардың сүйегі табылған, – деді Надежда Майба.
Солардың ішінде ерекше жәдігерлердің бірі үш тұяқты жылқы – Гиппарионның сүйегі. Қазіргі жылқылардан айырмашылығы – бойы аласа, үш тұяғымен ерекшеленеді.
Ол шапқан кезде алдыңғы үлкен тұяғына күш салады, ал ақырын жүргенде үшеуіне де сүйенеді. Тісінің орналасуы да ерекше болған. Ол жұмсақ шөпті жұлып жей білген. Сондықтан бұл жерде жұмсақ өсімдіктер болды деп айтуға болады. Олар үйір болып, көп мөлшерде өмір сүрген. Солтүстік Америкадан Еуропаға қоныстанып, кейін осында келген, – деді Надежда Майба.
Сондай-ақ «Қаз қонақта» ежелгі керіктің де сүйегі табылған. Бүгінде музейде керіктің жақ сүйегінің бөлігі мен алдыңғы аяғының сүйегі сақталған.
Бұл керіктің жабайы түрі – палеотрагустың сүйегі. Олар Африкадан келген. Бүгінде осындай керіктер Африкада бар. Олар «Окап» деп аталады. Денесі кішкентай болып келеді, – деді Надежда Майба.
Музей қызметкерінің айтуынша, сүйектердің аталған жануарларға тиесілі екені зертханада зерттеліп, дәлелденген.
Аталған орыннан табылған екі вагон сүйекті сол кезде Мәскеуге жіберген. Сонда зертханада сараптамалар жасалған. Зерттеумен Юрий Орлов өзі айналысып, кейін кітап қылып шығарған, – деді Надежда Майба.
Сонымен қатар «Қаз қонақта» бөкен, бұғы, мүйізтұмсық және тағы да басқа барлығы 60-қа жуық жануар өмір сүрген.
Надежда Майбаның айтуынша, «Қаз қонақ» – әлемде табиғаттағы үздік 20 ескерткіштің қатарына жатады. Мұндай біздің қаламызда және Грекияның Афина қаласында бар.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)