00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бас көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын тексеруді бастады

25.02.2023 | 14:44
Елорда ақпарат
40

Кәсіпкерлер палатасының мәліметіне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 тасымалдаушы мен экспедитор арасында үлгілік келісімшарт жасасу туралы бұйрығы орындалмай отыр. Нормативтік құқықтық актілердің нормаларын елемеуіне байланысты экспедиторлар қосымша қойылған шарттармен келісімшарттарға қол қоюға мәжбүр болған.

Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушы конвенциялық тыйым салуды енгізу жолымен бәсекелестікке қарама-қайшы әрекет жасаған. 2022 жылдың мамырында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алтынкөл және Алтынкөл-экс станцияларына тағайындалған бос жеке фитингтік платформаларды қабылдауға мерзімсіз конвенциялық тыйым салды. Тыйым барлық жүк алушыға салынды. Алайда бұл тыйым ҚТЖ – ның еншілес тәуелді компаниялары – «ОТЛК ЕРА» АҚ, «KTZ Express» АҚ және «Кедентранссервис» АҚ-на қолданылмады, – делінген хабарламада.

  •  
Барлық жаңалықтар