00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Ұшақта бомба бар»: елордада жолаушылар әуе рейсіне отырғызу кезінде дүрлігіп қалды

25.02.2023 | 14:33
Елорда ақпарат
30

21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында «TURKISH AIRLINES» авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйінде бірнеше рет айналасындағыларға «ұшақта бомба бар» деп айқайлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Әуежайдың борты мен стерильді аймағына дереу тексеру жүргізілді. Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Барлық жаңалықтар