00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Өз тойында тақтайларды ұрып сындырған келін елді таңғалдырды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 13:47
Елорда ақпарат
38

Осы сәт түскен видеоны Қазақстан таеквондо федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. Тойда жас жұбайлардың жақын достары қонақтар үшін таэквондоның ерекше әдісін көрсетуді сұраған.

Сол сәтте спортшы қыз еш іркілместен таеквондоға арналған тақтайларды қолымен сындырып тастайды. Бұған той қонақтары да, күйеу жігіт те риза болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары таеквондошының шеберлігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, Перизат Жұбанова таэквондодан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол аталған спорт түрінен ел чемпионаты мен халықаралық жарыстарда бірнеше рет жүлде иеленген.

Барлық жаңалықтар