00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталды – Антикор

25.02.2023 | 13:47
Елорда ақпарат
16

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті. Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – «Т.»-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар