00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Ұйықтап кетсем, бақұл болыңдар»: Белгілі журналист халықпен қоштасу хатын жазды

25.02.2023 | 13:31
Елорда ақпарат
40

Менің өліміме мына адамдар кінәлі..."» деп, өзіме оффлайн-өмірде иттік жасаған, онлайн өмірде кибербуллинг жасаған жүз адамның демей-ақ қояйын, он адамның аты-жөндерін жазып, фактілерді жариялап кетейін бе?..

Қорықпаңдар. Мен қандай ит болсам да, ондай жексұрын тірлік жасамаймын. Жөнімен өлетін жақсы итпін...

 Но!!! Қаз-қалпында баяндалатын оқиғалардан тұратын кітабым жарыққа шыққанда, мың адам жабылып сотқа беретіндеріңді білемін. Оған да дайынмын.

Жай...

Ертең операция...

Быдыруг, наркоздан мәңгілікке ұйықтап кетсем, бақұл болыңдар. Жай, соны айта салайын деп...

Қош бол, сәулем, көргенше,

Қайта айналып келгенше!...- деп әндетіп кетті дейсіңдер ғой...

Қызғаныштың қызыл иті ішін тырнаған іштарлардан сұлу болғаным үшін, ақылды болғаным үшін, бақытты болғаным үшін, рухты болғаным үшін, әділетті болғаным үшін, күрескер болғаным үшін, адал болғаным үшін кешірім сұрамаймын, бірақ бәріңді кешіремін. Соңыма шам алып түскен, мені Жақсы Адам болғаным үшін жек көрген дұшпандарыма қатысты.

Ал ренжіткен болсам, жақындарымнан, жақсыларымнан кешірім сұраймын.

Ниче. Біреу ерте, біреу кеш, бәріміз өлеміз. Ертең болмаса, кейін... сосын бәріміз ана әлемде - Рухтар әлемінде кездесеміз. Ең кереметі - ол әлемде Рухтар пенде емес. О жақта төбелеспейтін боламыз...

«Ал енді қоштасайық, сардар аға,

Мен ертең кетем ұшып сардалама...» десем,  «қуып кетті» дейсіңдер ме? Дей беріңдер...

Блю-блю ғой...

Бұл Өмірді де, О Дүниені де... – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Барлық жаңалықтар