00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Проблемалық кредиттер қорының өкілеттігі кеңейтіледі

25.02.2023 | 12:38
Елорда ақпарат
39

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ны қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Жоба 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 44-тармағын орындау аясында әзірленді.

Бұл тұрғыда «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді жүзеге асыратын төлеушілер, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырған тұлғалар және үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың иелігіндегі шектелген мүлкін немесе мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу жөніндегі функция берілмек.

Осы түзетулерді іске асыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігімен тиісті жоба әзірледі.

Бұл жоба Ашық НҚА сайтына 2022 жылғы 29 шілдеде орналастырылған.

Жобаны жария талқылану мерзімі 2022 жылдың 12 тамызға дейін жалғасады.

 

 

Барлық жаңалықтар