00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

20 күннің ішінде есірткі саудасына қатысты 160 адам ұсталды

20.11.2023 | 03:30
37
Фото: дереккөзден

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өңірлік бөліністермен бірлесіп, осы айдың басынан бастап есірткінің ірі партияларын тәркілеп, бірқатар қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

20 күннің ішінде есірткі саудасына қатысы бар 160 адам ұсталды. Polisia.kz ақпаратына қарағанда жедел қызметкерлер Алматы қаласында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстаған. Олардың автокөлігінің салонынан 152 кг гашиш табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Алматыда 24 жастағы азаматтан сатуға дайындалған 1,2 кг психотроптық зат табылды. Семейлік полицейлер есірткі жасырумен айналысқан Павлодар облысының екі тұрғынын құрықтады. Олардан бір келі «а-PVP» психотроптық заты тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтар, екі шыны колба, канистр және 1,5 кг мефедрон табылып, тәркіленді. 

Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электрондық таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 кг дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.

Қараша айынан бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 208 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

 

Барлық жаңалықтар