00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

25.02.2023 | 07:23
Елорда ақпарат
33

Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбіде Airbus A320 жайлы бортында орындалатын болады.

Билеттер агрегаторларда, қосымшада және лоукостердің ресми сайтында сатылымда бар. Құны 14 900 теңгеден басталады. Оған борттағы кездейсоқ орын және салмағы бес килограмм қол жүгі қосылған.

Қазақстанға қайтар жолда сізден Манас әуежайына ұшуға дейін 4-3,5 сағат бұрын келуіңізді сұраймыз, өйткені қазіргі уақытта онда бір ғана өткізу пункті жұмыс істейді, - деп ескертеді әуекомпания.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 мамырынан бастап Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест немесе вакциналау паспорты қажет емес.

Барлық жаңалықтар