00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде 673 сайттың жұмысына тыйым салынды

25.02.2023 | 06:33
Елорда ақпарат
38

Министрлік Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.

2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында "Байланыс туралы" заңның 41-1 бабы 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Олардан мынадай заңбұзушылықтар анықталды:

экстремизмді насихаттау – 5;

порнография тарату – 133;

есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;

ойын бизнесі – 272;

жарнама – 24;

әкімшілік құқықбұзушылық – 4;

алаяқтық – 197;

баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.

Барлық жаңалықтар