00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қала қонақтарының жартысынан көбі жұлдызсыз қонақүйлерде тоқтаған

25.02.2023 | 05:12
Елорда ақпарат
29

2021 жылы жалпы қонақ үйлердің (қонақүй, пәтер, коттедж) қызмет көрсету көлемі 109 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 63,1% артық.

Ең көп қонақ Алматы қонақүйлеріне келген (27,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді). Көшбасшы өңірлердің үштігіне елорда (20,3 млрд теңге) және Ақмола облысы (10,5 млрд теңге) енді.

Ең аз қызмет Қызылорда облысында көрсетілді (барлығы 1,1 млрд теңгеге).

Келушілердің көбі (2,7 млн адам) мейрамханасы бар қонақүйлерге аялдаған. Мейрамханасыз қонақ үйлерде 1,7 миллион адам және бір қабатты бунгалаларда, ауылдық үйлерде, коттедждерде, шағын үйлер мен пәтерлерде (673 мың адам) тұруды жөн көрді. 

ТОП-5 танымал орынға демалыс үйлері мен туристік базалар да кірді.

Орналастыру санаттары бойынша бесжұлдызды қонақүйлерде — 561,8 мың адам, төртжұлдызды қонақүйлерде — 553,6 мың адам, үшжұлдызды қонақүйлерде — 244,7 мың адам, екіжұлдызды қонақүйлерде — 17,8 мың адам, біржұлдызды қонақүйлерде — 3,5 мың адам, жұлдызсыз қонақ үйлерде 3 млн адам (жалпы келушінің 55%-ы) тоқтады.

Барлық жаңалықтар