00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Алматыда есірткі сататын 450 интернет-ресурс бұғатталды

25.02.2023 | 04:12
Елорда ақпарат
31

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтың айтуынша, есірткі қылмысына қарсы жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Біз синтетикалық есірткілерді шығаратын үш есірткі зертханасын жойдық. Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық мефедрон есірткі затын дайындау және сатумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Биылғы жылдың басынан бері тағы бір есірткі зертханасын анықтадық, онда 150 миллион теңгенің есірткі шикізаты тәркіленді, – деді Қ. Таймерденов.

Еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпарат бар бес мың граффити-жазбалар боялды. Есірткі сататын 450 интернет-сайт бұғатталды.

Сонымен қатар, қаланың оқу орындарында да есірткіге қарсы тақырыптар бойынша 260 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Осы жылы да бұл бағыттағы барлық іс-шаралар жалғасын табады және ерекше бақылауда болады, – деді ол.

Барлық жаңалықтар