00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Енді құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – Мусин

25.02.2023 | 03:43
Елорда ақпарат
33

Енді Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде азаматтар «Цифрлық құжаттар» сервисін көре алады. Жүйеге кіру кезінде пайдаланушы бір реттік пароль арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға келісімін беруі керек. Келісімсіз деректер сыртқы платформаларға жіберілмейді. Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардың алаяқтығының алдын алады. Сұраныс орнында цифрлық құжатты ұсыну үшін QR кодты немесе қысқа алты таңбалы кодты пайдалану қажет.

«Цифрлық құжаттар» азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда, қазірдің өзінде оларды 10 миллионға жуық адам тұрақты түрде пайдаланады. Бұл сервисті одан әрі ыңғайлы ету үшін біз қызметті қазақстандықтар арасында танымал үшінші тарап платформаларына енгізіп жатырмыз, бірақ бұл функция азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 

 

Барлық жаңалықтар