00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

16 наурызда ауа райы қандай болады

25.02.2023 | 02:43
Елорда ақпарат
28

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Барлық өңірде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Атап айтқанда, Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды, батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ болып, түнде солтүстікте, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Барлық жаңалықтар