00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

25.02.2023 | 02:14
Елорда ақпарат
14

Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклонның ықпалында қалып отыр, онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17...28 аязға дейін төмендейді.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, боран соғады, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.

Сондай-ақ, фронтальды аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 дейінгі жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді.

Барлық жаңалықтар