00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

25.02.2023 | 02:13
Елорда ақпарат
41

Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.

Сондай-ақ, полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын ұстаған, оны тінту барысында 19 пневматикалық қару мен оларға арналған оқ-дәрі, 10 пышақ, бір арбалет, алты оптикалық көзілдірік және үш оптикалық құрылғы тәркіленген.

Дерек бойынша соталды тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Олардың сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіледі, – деді О. Бекиев.

 

Барлық жаңалықтар