00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

25.02.2023 | 01:37
Елорда ақпарат
29

Синтетикалық есірткі дайындайтын цех Қалқаман шағынауданындағы жеке үйдің жертөлесінде орналасқан. Үй былтыр қазанда ер адамға жалға берілген.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық-психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған ұнтақ және кесек заттарды, химиялық заттар салынған пластик ыдыстарды, сұйықтықтары бар колбаларды, электрон таразыларды және басқа да құралдарды тәркіледі. Есірткі шығаруға жауапты - 23 жастағы О. есімді азамат. Толық емес медициналық білімі бар жас жігіт есірткі өндірісін жолға қойған. Барлығы есірткі зертханасында бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр «шөптің» салмағы шамамен 160 грамм, ақ - 500 грамм. Бұл дайын өнім және оны дозаға сай орау керек болды. Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристал және ұнтақ күйінде, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Соталды тергеу басталды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Барлық жаңалықтар