00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жамбылда 60 келіге жуық есірткі сақтаған азамат ұсталды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 00:48
Елорда ақпарат
32

Белгілі болғандай, аталған азамат өз үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған.

Күдіктінің үйінің аумағына тінту жүргізу кезінде ауладағы сейфтен ішінде өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заты бар қап пен үш полиэтилен пакет алынды. Сондай-ақ, орылған шөптің арасынан каннабисті ұсақтайтын елек табылды.

Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі заттары - салмағы 16 келі 190 грамм «гашиш» және 39 келі 870 грамды құрайтын «марихуана» болды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Барлық жаңалықтар