00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандықтар қандай смартфон брендін көбірек жақсы көреді

25.02.2023 | 00:41
Елорда ақпарат
35

StatCounter дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтарда әлемдегі ең танымал ұялы телефон Apple болған. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 29,5%-ды құрайды.

Екінші орында Samsung компаниясы тұр, оның нарықтағы үлесі – 27,2%. Үшінші орында – Xiaomi, оның нарықтағы үлесі – 11,5%. 

Ал Қазақстанда Samsung бренді ұялы телефондар нарығында көшбасшы болып тұр: оның нарықтағы үлесі 36,1%-ды құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 41% болған.

Екінші орында Apple келеді: алма-брендтің нарықтағы үлесі – 26,6%, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 20% болған. 

Үшінші орында Xiaomi тұр, нарықтағы үлесі – 17%, 2021 жылғы қаңтардағы көрсеткіш – 15,2%. 

Сондай-ақ үздік бестікке Oppo және Huawei компаниялары да енді.

Барлық жаңалықтар