00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мойынты-Сарышаған учаскесіндегі пойыздар қозғалысы толығымен қалпына келтірілді

24.02.2023 | 23:14
Елорда ақпарат
51

Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200-ге жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеуде.

Теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен пойыздар қозғалысы ашылды. Барлық теміржол бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде пойыздардың қозғалысын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жолдан шығып кету себебі – ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы. Тексеру қорытындысы бойынша келтірілген залал үшін өтем кінәлі тарапқа белгіленген тәртіппен талап етілетін болады, – делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

Барлық жаңалықтар