00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Елордада жаңа форматтағы инновациялық мектеп ашылды

24.02.2023 | 20:07
Елорда ақпарат
40

«BINOM SCHOOL жаңа форматтағы инновациялық мектебіне бардым. Жаңа бес қабатты мектеп 4 мың оқушыға есептелген (2 ауысымда).», - деп жазды Алтай Көлгінов  Instagram желісіндегі парақшасында.

Әкімнің айтуынша, бұл мектепте оқу тегін. Мектепте робототехника кабинеттері, кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, смарт-сыныптар, металл және ағаш кесу шеберханалары, TedxBinom, Speaking Club, үлкен кітапхана, ойын бөлмелері және т.б. бар.

«Binom мектебінің басты артықшылықтарының бірі - ерекше қажеттілігі бар балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа мектептердің есігі 3 тоқсаннан бастап ашылады», -деді әкім. 

Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл барлығы 15 мектеп салынған.

"Бұл шамамен 40 мың оқушы орны. Жаңа мектептер салынғандықтан 5 мектеп енді үш ауысымда оқытпайды, сондай-ақ, 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек. Елордада жыл сайын адамдар саны артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есеге артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 есе асады. Мысалы, мамыр айында 7 мың түлек мектеп бітіріп шықса, бірінші сыныпқа 25 мың оқушы келеді. Осы мәселелерді шешу үшін қалада жыл сайын кем дегенде 10 мектеп салып отыру қажет", - дейді әкім.

Барлық жаңалықтар