00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ресейде оқитын қазақстандықтар Тәуелсіздікке тарту жасады (ВИДЕО)

24.02.2023 | 20:06
Елорда ақпарат
27

Акцияға қатысушылар осылайша Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтағысы келгенін айтты.

«Символдық мәні бар акцияны қазақстандықтар мен ресейліктер арасындағы достықты көрсету мақсатында ұйымдастырып жатырмыз. Себебі бұл достық шекара және қашықтықпен шектелмейді. Себебі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық мына гранит тастарынан да берік», - деді Кант атындағы Балтық федералды университетінің студенті, Семейден Калининград қаласына оқуға барған Нұрсұлтан Қияқбаев.

Мемлекеттік туды Балтық теңізі жағалауында салуға бес сағат уақыт пен 1 072 тас кеткен. Акцияға Кант атындағы Балтық федералды университетінің студенттерінен бөлек, Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының батыс филиалының студенттері қатысты. Мемлекеттік туды жеті адам салып шықты.

 

Барлық жаңалықтар