00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Тальго тағы екі бағыт бойынша қатынайтын болды

24.02.2023 | 20:00
Елорда ақпарат
28

Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясынан "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық" жолаушылар пойызы алғашқы рейске шықты. Маршруттың қашықтығы – 609 км, пойыздың жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Олардың әрқайсысында 348 орындық "Турист" класты, 2 "Бизнес" класты, 1 "Гранд" класты, 1 "Гранд PMR"  класты (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар.

Тальго вагондарынан құрастырылған екінші пойыз "Алматы-2 – Маңғыстау" бағыты бойынша іске қосылды. Пойыздың жалпы жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Ол екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.

Жол жүру барысында мультимедиялық ресурстарды ішкі сымсыз желі арқылы пайдалануға болады. Жолаушылар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, гаджеттер, портативті компьютерлер) көмегімен серверде алдын ала орналастырылған ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді, ойындарды көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі бойынша Қазақстан ішінде 118 жұп пойыз жүре бастады. Оның ішінде 95 жұп пойыз "Жолаушылар тасымалы»"АҚ-ға (оның ішінде қала маңындағы тасымалдарды қоса алғанда – 61), сондай-ақ 23 жұп пойыз жеке тасымалдаушыларға тиесілі.

Барлық жаңалықтар