00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Antikor ortalygy» алаңында БАҚ-тың рөлі талқыланды

24.02.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
55

Шараға «Торргеѕѕ.kz» АА директоры, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Ержан Бағдатов және «Jas Otan» ЖҚ төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұмның қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі – ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы. Бұл жерде БАҚ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде маңызды орын алады», - деп атап өтті Ержан Бағдатов.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәртібіне төзбеушілікті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірінші кезектегі маңызды міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың барлық шараларының табыстылығы қоғамның сыбайлас жемқорлықты және оның барлық ықтимал көріністерін қаншалықты төзбейтіндігіне және белсенді түрде жоққа шығаратындығына байланысты.

Ержан Бағдатов халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысына жәрдемдесуі туралы айтып, сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі идеямен бөлісті.

Эфир соңында Ержан Амангелдіұлы тыңдаушыларды адал және ашық болуға шақырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Барлық жаңалықтар