00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жалған екпе құжатымен ұсталған қажылар айыппұл төлейді

24.02.2023 | 19:20
Елорда ақпарат
33

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімі ұмра және қажылық парызын өтеуге ниет білдірген азаматтарға қойылатын талаптарды түсіндірді.

Талап бойынша, Сауд Арабиясының ел және шетел азаматтарын індеттен сақтандыру мақсатында бекітілген екпенің бірін салдыру талабы орындалуы тиіс. Бұл тізімде «Pfizer-BioNTech», «AstraZeneca», «Johnson&Johnson» және «Moderna» екпелері ғана бар. Қазақстанда олардың тек біріншісін ғана алуға болады.

«Енді дәрігерлердің кеңесімен «Pfizer» вакцинасын қабылдаған кез келген азамат сенімді деп саналған қажылық компанияларының бірімен заңды жолмен ұмра қажылығын атқарып қайтуына болады. Қазіргі уақытта кіші қажылық өтеуге ниет еткен жандардың қатары көбеюде. Мекке мен Мәдина қаласындағы мешіттерде күніне бірнеше рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қажылардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Барлық жаңалықтар