00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Білім министрі мұғалімнен басы артық есеп сұратқан мектеп директорын жауапқа тартуды тапсырды

24.02.2023 | 18:25
Елорда ақпарат
32

«Мұғалімдер үшін екі құжат қана міндетті. Ол жайында №130 бұйрық бар. ...Тек осы талап шеңберінде жұмыс істеу керек. Әсіресе сынып жетекшілері бойынша ойға қонымсыз құжаттарды кірігізіп қойған. Бір мектепте сынып жетекішсінің мойнына 19 құжатты жүктеп қойған. Осы факт бойынша анықтау жүргізіп, тиісті жауапкершілікке тартуды тапсырамын», – деген министр басы артық құжаттың пайдасынан зияны көп екенін ескертті.

«Керек емес. Мұны кім оқиды? Көп мәселелер электронды форматта бар. Ұлттық білім беру деректер қорында бар. Бәрін шығарып, жинап қойғаннан не пайда? Қажет емес, тіпті түсініксіз ақпаратты сұрайсыздар. Өңірлердегі білім басқармалары құзырындағы шаруаны иегере алмай отыр ма сонда? Келесі жолы мұндай негізсіз құжат талап ету қайталанса, мектеп директорын емес, білім беру бөлімі мен басқармаларының басшыларын жауапқа тарту керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Барлық жаңалықтар