00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде қанша жануар екпе алған

24.02.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
34

«Республика аумағында таралу қаупі жоғары аса қауіпті аурулар тізбесіне 68 ауру түрі енгізілген, олардың 45 түрі бойынша Қазақстан қолайлы эпизоотиялық жағдайға ие, ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцинация бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді. Республика аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық мақсатта вакцинация жүргізіледі», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, биылға 154 млн-нан астам жануарды, соның ішінде құстарды 22 ауруға вакциналау бойынша шараларды жоспарланған. Вакцинациялық іс-шараларды жүргізу мақсатында 7,2 млрд теңге бөлінді.

«Қазіргі таңда 138 млн вакцинациялық іс-шаралар жүргізілді, бұл биылғы жалпы жоспардың 90% көрсеткішін құрады. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізуді «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК жүзеге асырады. 2021 жылы жануарлардың аса қауіпті 27 ауруы бойынша 70,3 млн диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған. 2021 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, республика бойынша 9 айда 52,5 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді немесе жылдық жоспардың 75 пайызы», – деді Б. Абызбаев.

Барлық жаңалықтар