00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда ит-құсқа қатыгездік өршіп барады

24.02.2023 | 16:51
Елорда ақпарат
38

Заңсыз балық аулау, басқа су жануарлары немесе өсімдіктер саласындағы құқықбұзушылықтар тоғыз айда 2,7%-ға өсіп, 153-ке жеткен. Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз пайдалану жағдайлары бір жыл бұрынғыдан 4%-ға көп тіркеліп, 183 фактіні құрады. Ал заңсыз аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтар керісінше жылына 10%-ға азайып, 72 жағдайға дейін төмендеді.

Сонымен қатар жыл басынан бері жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына және аңшыларға қатысты 4 зорлық-зомбылық фактісі тіркелді.

Аймақтар бойынша қарасақ, жануарларға қатыгездік көрсетуге қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең көп саны Алматы облысында тіркелді, мұнда тоғыз айда 12 оқиға болған, бұл былтырғы көрсеткіштен 2 есе көп. 

Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (6 жағдай, былтырғы көрсеткіштен 3 есе көп) мен Шымкент (6 жағдай, былтырғы көрсеткіштен 6 есе көп) тұр.

Заңсыз аңшылыққа байланысты құқықбұзушылықтар көбінесе осы Алматы облысында тіркелген (14 оқиға, былтыр көрсеткіштен 16,7%-ға көп). Одан кейінгі орында Қызылорда (10 жағдай, өсім 2 есе) мен Солтүстік Қазақстан (9 жағдай, заң бұзушылық 35,7%-ға азайды) облыстары тұр.

Барлық жаңалықтар