00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Лайфхак: Google-дан қажетті ақпаратты табудың оңай жолдары қандай

24.02.2023 | 16:39
Елорда ақпарат
36
  • Нақты сөз тіркесін іздеу

Кейде нақты сөз тіркесін іздеу керек болады. Мысалы, біз әлдебір әннің тек бір жолын ғана біліп, мәтінін еске түсіргіміз келеді. Сондайда сөз тіркесін толығымен тырнақшаға алу керек. 

  • Ақпаратты нақты бір сайттан іздеу

Ақпаратты нақты бір сайттан іздеу керек болғанда, Google сізге әртүрлі сайттан табылған нәтижелерді көрсете бермес үшін іздеу алаңына сөзіңізді жазып болған соң, site: дегенді тересіз де, арасын ашпастан, қажетті сайттың атауын тересіз. Мәселен, коронавирус site:kaz.elorda.info деп терсек, тек осы сайттағы нәтижелер шығады.

  • Нақты бір локацияға қатысты ақпарат іздеу

Нақты бір локацияға қатысты ақпарат іздеу керек болғанда, сөзіңізден соң location: деп жазып, тиісті локацияны жалғастырып жазасыз. Мәселен, дүкендер location:nur-sultan деп терсек, тек Нұр-Сұлтандағы дүкендер туралы ақпарат шығады.

  • Арасында белгісіз сөз немесе цифр бар ақпаратты іздеу

Арасында белгісіз сөз немесе цифр бар ақпаратты іздерде дәл соның орнына * белгісін қою керек. Мәселен, Қазақстанда * оқушы бар деп терейік. 

  • Керексіз сөзді барлық нәтижеден алып тастау

Әлдебір нәрсе туралы ақпарат іздеп, бірақ оған қатысты белгілі бір нәтижелерді алып тастау керек болғанда, – белгісі қойылып, алынып тасталуы керек сөз жазылады. Мысалы, Арал қаласы/халқы жайлы зерттегіңіз келіп, бірақ теңіз туралы ақпарат шыға бермес үшін іздеу алаңына Арал -теңізі деп жазсаңыз болғаны.

  • Ұқсас сайттардан ақпарат іздеу

Сізге әлдебір сайт қатты ұнап қалды делік. Сол сайтқа ұқсас басқа да сайттарды қарап көргіңіз келе ме? Онда related: сөзін ұмытпаймыз. Мысалы, уикипедияға ұқсас сайт тапқыңыз келсе, related:wikipedia.org деп жазуыңыз керек.

  • Әртүрлі екі сөзді бір контексте табу

Екі түрлі сөзді бір сөйлемнен тапқыңыз келсе, екі сөздің арасына & белгісін қоясыз. Мысалы, Абай & Мұхтар.

  • Белгілі бір форматтағы ақпаратты табу

Егер сізге нақты бір форматтағы ақпаратты табу қажет болса, filetype: сөзін қолданасыз. Мысалы, pdf форматындағы құжатты жүктеп алғыңыз келсе, керекті құжаттың атын жазып, filetype:pdf деп жазуыңыз керек.

 

 

Барлық жаңалықтар