00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Трамптың сайтында Құран сүресі пайда болды

24.02.2023 | 16:33
Елорда ақпарат
39

Хакер өзінің хабарламасын Трамп компаниясының петиция үшін қолданған бетіне қалдырған.

"Сондай Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Олар кәпірлер", — делінген сайтта жарияланған сүреде.

Ол сондай-ақ Түркия Президентінің ұлтшылдық ойлары айтылған бейнероликті де жариялаған. Ақпараттық ресурс үш ай бойы RootAyyildiz-дің бақылауында болды. Ол Трамптың веб-сайтына Америка Құрама Штаттарының "Анти-түрік және исламға қарсы" ұстанымына наразылық білдіріп шабуыл жасаған.

"Хакерлік шабуылды әр түрлі салаларда қолданады. Мысалы, әлеуметтік желілердегі немесе веб-сайттардағы аккаунттарды бұзуға болады. Мен белсенді хакермін.  Веб-сайттармен ұзақ уақыт бойы айналысамын. Бұл менің жеке таңдауым. Мені бүкіл әлем естісе екен деймін", — дейді хакер.

Барлық жаңалықтар